«Әке тәрбиесі – ізгілік бастауы» атты библио-тайм

15 маусым күні Хромтау аудандық кітапханасы мектептен тыс білім беру орталығымен бірлесіп, Әкелер күніне орай «Әке тәрбиесі – ізгілік бастауы» атты библио-тайм өткізді.

Іс-шараның мақсаты – әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін насихаттау, әке тәрбиесінің маңызын дәріптеу және отбасы құндылықтарын насихаттау.

Шара барысында әке тұлғасы, отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесіне арналған кітаптар таныстырылды. Қатысушылар әке өнегесінің саналы ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы мағлұмат алып, ұсынылған әдебиеттермен танысты.

Библио-тайм оқырмандарды әкені құрметтеуге, отбасы бірлігін нығайтуға және рухани-адамгершілік құндылықтарды бағалауға үндеді.

Автор публикации

не в сети 1 день

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 661Регистрация: 20-10-2021