Бүгін Әкелер күніне орай көшеде тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілік туралы пікірлерін тыңдадық.
💬 Әрбір жауаптан әкенің отбасы үшін алар орны ерекше екенін, оның ақылы мен тәрбиесі бала өміріндегі ең үлкен байлық екенін аңғардық.
🏡 Әке – отбасының тірегі, шаңырақтың қорғаны, балаға бағыт-бағдар беретін асыл жан. Сондықтан да әкеге деген құрмет әрқашан жүрегімізде сақталуы тиіс.
🎉 Барша әкелерді мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге береке тілейміз!
⭐ Әке мерейі асқақтай берсін!