📅 26 маусым күні Хромтау аудандық кітапханасында жастар арасында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылды.
🎯 Шараның мақсаты: жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі қылмыстарының қоғамға тигізетін зардаптары туралы кеңінен ақпарат беру.
📖 Іс-шара барысында:
🔹 жастар зиянды әдеттердің адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы пікір алмасты;
📚 тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды;
🎥 танымдық бейнеролик көрсетілді.
💬 Шара соңында қатысушыларға есірткінің адам өміріне, денсаулығына және қоғамға тигізетін зияны жан-жақты түсіндіріліп, әр адамның саналы таңдау жасап, салауатты өмір салтын ұстануының маңыздылығы айтылды.
✨ Болашағымыз – өз қолымызда! Есірткісіз өмірді таңдайық!