Астана күніне орай аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ашық аспан аясында «Арман қалаға сапар» атты әдеби-ойын өтті.
📖 Іс-шара барысында жас оқырмандар еліміздің мақтанышы – Астана қаласының тарихы, көрікті орындары мен сәулетті ғимараттары туралы қызықты мәліметтермен танысты.
🎲 Балалар танымдық викториналарға қатысып, әдеби ойындар ойнап, түрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Көтеріңкі көңіл күйге толы мерекелік кездесу қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
💙 Осындай тағылымды шаралар арқылы бүлдіршіндердің туған елге деген сүйіспеншілігі артып, кітап оқуға қызығушылығы нығая түседі.
🌟 Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк байрағымыз биікте желбірей берсін! Ал, айбынды Астанамыз күн сайын көркейіп, гүлдене берсін!