7 шілде күні Кеншілер аллеясында елімізде жыл сайын аталып өтетін ұлттық өнер, ұлттық рух мерекесі – Ұлттық Домбыра күніне орай «Домбыра –қазақтың қасиетті үні» атты мерекелік шара өтті.
Шараның мақсаты- жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырып, атадан балаға мирас болған домбыра өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Бағдарлама аясында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қуатова Н.Т кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіп ,музыка әлемінде жыр төгілтіп, күй шерткен белгілі жыршы-күйшілердің өмірбаяны, домбыраның құрылымы туралы баяндап берді.
Өнерлі жастар күй тартып,ән шырқады.
Сонымен қатар, балалар кітапханасының тұрақты оқырмандары Беркимбаев Амир мен Утемисова Лунара «Ер Тұран», “Адай” күйлерін орындап, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін паш етті.