15 қыркүйек күні Хромтау аудандық кітапханасында өткен «Тіл – тарихтың айнасы» байқауы барысында қатысушыларға «Оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны туралы ақпарат берілді. 📖
💡 Марафонның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін арттыру және оқырмандарды отандық әдебиетке қызықтыру.
📱 Шараға қатысушылар марафонға қызығушылық танытып, тіркеуден өтті. ✅
📖 Кітап оқыған ұлт – рухани бай ұлт!
🌟 Сіз де «Оқитын ұлт» марафонына қосылыңыз!