2026 жылғы 15 қыркүйек күні Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Хромтау аудандық кітапханасында өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл – тарихтың айнасы» атты байқау өткізілді. 🎉
🎯 Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін дамыту және қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін қолдау.
👥 Байқауға 7 қатысушы қатысып, өз бақтарын сынады.
🏆 Сайыс 4 кезең бойынша ұйымдастырылды:
1️⃣ «Таныстыру»
2️⃣ «Мақал-мәтел»
3️⃣ «Тіл – тарихтың айнасы»
4️⃣ «Өз өнері» 🎤🎭
✨ Қатысушылар әр кезеңде өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
💫 Әр кезең қызықты әрі тартысты өтіп, қатысушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдылары мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін байқатты.
🥇 Байқау қорытындысы бойынша:
🏆 І орын – Ақжар орта мектебінің 11-сынып оқушысы Иванова Светлана
🥈 ІІ орын – Ширяева Тамара
🥉 ІІІ орын – Семенко Григорий
🌟 Сондай-ақ белсенділік танытқан қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.