11 қыркүйек күні Отбасы күніне арналған «Ұмытылған ұлттық дәстүрлер: тәрбие мен тағылым» атты этнографиялық таным сағаты өтті.
🎯 Мақсаты:
Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың отбасы тәрбиесіндегі маңызын түсіндіру, қазақ халқының отбасылық дәстүрлерін, ұлттық тәрбиесі мен ата-баба жолын жас ұрпаққа насихаттау.
👥 Шараға Мектептен тыс білім беру орталығы үйірмелерінің ата-аналары және аудандық балалар бөлімінің оқырмандары қатысты.
🏺 Таным сағаты аясында арнайы этнографиялық бұрыш ұйымдастырылып, қазақ халқының ұлттық бұйымдары таныстырылды.
🎥 Қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлері мен жөн-жоралғылары туралы қысқаша бейнеролик көрсетілді.
💡 Қатысушыларға танымдық сұрақтар қойылып, ұлттық дәстүрлерге қатысты білімдері сыналды.
🎁 Белсенділік танытқан оқырмандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
❤️ Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ұрпақ тәрбиесінің берік негізі.
🌸 Дәстүр – ұлттың рухани қазынасы, отбасы – тәрбиенің алтын бесігі!