«Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны аясында Хромтау аудандық кітапханасы Хромтау аудандық ардагерлер кеңесі және Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі ұжымдарымен бірлесіп, түсіндіру және тіркеу жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында аталған ұйымдардың қызметкерлеріне марафонның мақсаты мен міндеттері, қатысу тәртібі, тіркелу жолдары және негізгі талаптары түсіндірілді. 📖
Қатысушыларға марафонға кітапханаға келіп немесе онлайн форматта тіркелу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берілді.
📚 Кітап оқу — білімді арттырып қана қоймай, ой-өрісті кеңейтіп, рухани дамуға жол ашады.
🌟 Кітап оқитын ұлт — білімді ұлт!
Кітап оқуға бірге қадам басайық!