Халықаралық жастар күніне орай Хромтау аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен жастар арасында BOOK BATTLE интеллектуалдық ойыны өтті. 📖✨
Тартысты додаға №5 Хромтау гимназиясы мен №1 Хромтау орта мектебінің жас мамандары қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады. 🧠🔥
Қатысушылар арасында білім мен жылдамдық сынға түсіп, тартысты жарыс жоғары деңгейде өтті! 💪
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша №1 Хромтау орта мектебі жеңіске жетті!
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар, ал белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. 🎁📜
Барша қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Білім додасында бақтарыңыз жана берсін! ✨📚