«Кітапхана қызметін жаңғырту: тәжірибе мен инновация» тренинг

2026 жылғы 23 шілдеде Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Бөгетсай ауылдық модельді кітапханасында кітапхана қызметкерлеріне арналған аудандық семинар-тренинг өтті.
Семинардың мақсаты – кітапхана ісіндегі заманауи тәжірибелермен таныстыру, кәсіби тәжірибе алмасу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін кітапхана жұмысында тиімді қолдануды насихаттау.
Іс-шара барысында қатысушылар кітапхана жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты. Семинарда:
🔹 Айзада Төлегенқызы Утешова – «Жасанды интеллект мүмкіндіктері»;
🔹 Баян Тойбазарқызы Абиева – «Жобалық қызмет – ізденіс пен жетістік»;
🔹 Ақмарал Нұрмұханбетқызы Карина – «Тассай ауылдық кітапханасы: тәжірибе мен жаңашылдық» тақырыптарында баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, Абай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Алия Мұратбекқызы Сағымбаева сергіту сәтін ұйымдастырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Семинар аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына арналған ақпараттық-танымдық бөлім өткізіліп, Ата Заңның қоғамдағы орны, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы тура

Автор публикации

не в сети 5 дней

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 752Регистрация: 20-10-2021