«Бір кітап – бір ой» әдеби талқылау кеші

Хромтау аудандық кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Дулат Исабековтің «Қарғын» романына арналған «Бір кітап – бір ой» әдеби талқылау кеші өтті.

Кешке «Ұлағат» клубының мүшелері қатысып, романның мазмұны, кейіпкерлер тағдыры мен шығармада көтерілген маңызды мәселелер төңірегінде ой бөлісті.

Жасанды интеллект көмегімен әзірленген көрнекі иллюстрациялар арқылы кейіпкерлер бейнесі жаңаша таныстырылып, қатысушылар олардың іс-әрекеттеріне баға беріп, романның финалына қатысты өз болжамдарын ортаға салды.

Кездесу соңында шығарманың тәрбиелік мәні мен бүгінгі қоғам үшін өзектілігі талқыланды.

Автор публикации

не в сети 9 часов

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 755Регистрация: 20-10-2021