«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Хромтау тау-кен колледжінің студенттеріне арналған жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Студенттер кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптармен танысып, түрлі жанрдағы тың шығармалар туралы мағлұмат алды. Көрменің басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани дүниесін байыту және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру.
Сонымен қатар, республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында сауалнама жүргізіліп, студенттер 2027 жылы жалпыхалықтық оқуға ұсынылатын қазақ қаламгері мен оның шығармасын таңдауға өз ұсыныстарын білдірді.
📖 Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани дамудың бастауы. Ал бүгінгі оқырман – ертеңгі кемел тұлға!
Кітап оқиық, рухани байиық!