«БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ» – ӨМІРГЕ САЯХАТ

25 қараша күні Хромтау аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында №1 мектеп оқушыларының қатысуымен Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі бойынша әдеби талқылау өтті.

Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, шығарманың мазмұны мен негізгі идеясын талқылады. Повестегі басты кейіпкердің балалық шағы, өмір жолы, кездескен қиындықтары мен асқақ армандары туралы ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.

Кездесу барысында оқушылар шығарма кейіпкерінің тағдыры арқылы өмірлік құндылықтар туралы ой түйіп, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті.

📖 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру және ұлттық әдеби мұрамызды насихаттау.

#ЗерделіҰлт
#КітапОқитынҰлт