Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясындағы «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты бойынша Хромтау аудандық қазынашылық бөлімінің қызметкерлері кітап оқу бастамасына белсенді атсалысуда.
Марафон аясында бөлім қызметкерлері кітапханаға арнайы келіп, кітап қорымен және ұйымдастырылған кітап көрмелерімен танысты. Ұсынылған әдебиеттерге шолу жасап, өздерін қызықтырған кітаптарды таңдады.
Осындай игі бастамалар қоғамда оқу мәдениетін қалыптастырып, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.
#ЗерделіҰлт
#КітапОқитынҰлт