«Ақбілек-қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман» оқырмандар конференциясы

📚Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орайластырылып «Ақбілек-қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман» атты  өтті.

Конференцияға №5 мектеп-гимназиясының оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Оқу залында Ж.Аймауытовтың шығармашылығын насихаттайтын кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Кітапханашы Абиева Б.Т өмірбаяны және шығармашылығы туралы баяндап берді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтебаева Гүлсезім шығарманың бас кейіпкері Ақбілектің басынан өткен оқиғалар арқылы Ж.Аймауытов сол бір қилы-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың қилы-қилы тағдырын кең бейнелейтінін оқушыларға айтып өтті.
Сұрақ-жауап түріндегі пікірлерден соң конференция қорытындыланып,белсене қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021