«Ақ орамал – бейбітшілік пен адалдықтың айнасы»

«Ақ
орамал-бейбітшілік пен адалдықтың айнасы»
атты дөңгелек үстел атты  дөңгелек үстел
 

 

  Елбасымыз
Н.Ə.Назарбаев­тың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV
халықаралық саммитте жариялаған «Əлем ХХІ ғасыр» манифесін  ілгерілету
және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізуге
бастама көтерген еді. Дәл осы бастама негізінде еліміздегі барлық аймақтарда
тамыз айының басында бастау алған «Ақ орамал» атты акциясы біздің ауданды
кітапханада да  жалғасын тапты.Ақ орамалдың қазақтардың тарихында
философиялық мағынасы терең.Ақтүс – тазалықтың белгісі, адамның ойы мен
жан-дүниесінің пәктігін білдіреді; бұл – адамзат өмірінің негізі – ананың ақ
сүтінің түсі; бұл – абыройдың, ізгіліктің, аманатқа адалдықтың белгісі. Дәл
осы алғышарттарды арқалаған акцияның да мақсаты – қоғамдағы адамдарды
бейбітшілік пен тұрақтылық құндылығын сезінуі мен өзара құрмет көрсетуге,
ұстамдылық пен саналылық, соғыс атаулыны болдырмау үшін ынтымаққа шақыру
болып табылады. Жауды да, дауды да тілсіз терең философиялық таныммен жаулық
арқылы ғана тоқтатқан татуластыру дәстүрінің өзі қазақта ана басындағы ақ
жаулықты сыйлау мен қастерлеуден басталған.«Ақ oрамал» акциясының негізіне
дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған: әйел-ананың
басындағы орамалын шешіп,жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды
тоқтатуына себеп болған. Тамыз айының 29 күні аудандық кітапханада 
 «Ақ орамал – бейбітшілік пен адалдықтың айнасы»
тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Семей ядролық полигоны туралы
мағлұматтар берілді.

Шараға қатысқан аудандық
«Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Жұмағалиева М.Т, аудандық тарихи-өлкетану
музейінің ұжымы, №3,6 мектеп кітапханашылары, №3,7 балабақша тәрбиешілері,
«Хромтау» аудандық газетінің тілшісі Каметия Б ,мектептен тыс білім беру
орталығының қызметкерлері  төмендегідей сұрақтар бойынша пікір алмасты.

 Орамал-жаны нәзік
жаратылған болмыс иелерінің басындағы байрақ. Ол туралы біз не білеміз?

Дәстүр-салтымызда аналардың
аппақ  орамалы  бейбітшіліктің, татулықтың  белгісі.
 Ақ   орамалды  аттап өту- ананың басынан аттап өтумен
тең саналған, жауласқан, қандасқан тараптардың  арасына тасталған
 ақ   орамал  даудың арты ынтымақпен, жақсылықпен бітуіне
себеп болған.

Жаугершілік замандарда
қантөгісті тоқтатуға себепші болған қасиетті ақ орамалды қазіргі кезде
қастерлей алып жүрміз бе?

Қазіргі заманы адамын
өзгерткен мына қоғамда кешегі кемеңгерліктің куәсі болған ата-әже 
тағылымын бойына сіңірген ұрпақты қаншалықты дәрежеде көреміз? Ұлтымыздың
туын желбіретер ұлағатты ұлдарымыз бен қылықты қыздарымыз бар ма?

Мәдениет үйінің қызметкері
Ғани Бисенов «Анашым» әнін орындады. Шара соңында кітапхана директоры
А.Ж.Таимова  дөңгелек үстелге  қатысушыларға алғысын білдірді.

Жүргізуші шараны ұлы ойшыл
әл-Фарабидің сөзімен қорытындылады: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие
берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте
оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Ата-бабамыз қалыптастырған
қалыпта тәрбиесі түзу болып бой көтерсек, дауға да, жауға да берілмейтін
ұрпақ боларымыз анық!

 

 

 

     В  Хромтауской
районной библиотеке 29 августа прошел круглый стол
 
«Ақ
орамал-бейбітшілік пен адалдықтың айнасы».

    «Ақ орамал» в истории  казахов имеет глубокое
философское значение. Это древний символ примирения, чистоты помыслов,
чистоты души, материнства, основы жизни человечества. Женщины Казахстана,
матери-героини передают белые платки молодым невестам в момент регистрации
брака, свадьбы, сватовства, молодым мамам при выписке ребенка из родильного
дома. Белый платок бросают между враждующими сторонами.

   На  мероприятии  присутствовали председатель общества «Қазақ тілі» Жумагалиева М.Т.,
коллектив районного музея, библиотекари школьных библиотек, а также
воспитатели и психологи детских садов города Хромтау.

 Собравшиеся говорили о национальных традициях, о роли женщины в
современном обществе, о ее вкладе в движение за мир и согласие. Работник
районного Дома культуры Бисенов Г. исполнил песни, посвященные матерям и о
мире.

 Был организован просмотр книжной выставки «Ақ орамал – бейбітшілік пен адалдықтың айнасы».

«Ақ орамал – бейбітшілік пен адалдықтың айнасы»  «Ақ орамал – бейбітшілік пен адалдықтың айнасы» «Ақ орамал – бейбітшілік пен адалдықтың айнасы» «Ақ орамал – бейбітшілік пен адалдықтың айнасы» «Ақ орамал – бейбітшілік пен адалдықтың айнасы» «Ақ орамал – бейбітшілік пен адалдықтың айнасы»

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 598Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий