\»Парасат жолы\» орталығы ашылды

19 ақпан күні  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап — ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Адалдық алаңы» жобасы аясында кітапханаларда  «Парасат жолы» орталығының  ашылуы өткізілді. Шараға облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Юнисова Алтынай Юнисовна,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Досанов Ғалымбек Нұрмыханұлы, қоғам қайраткері Отыншин Раукен Сағызбайұлы, ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі Тайжанов Алтай Тайжанұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тілеулесов Талғат Бұрханұлы, қалалық аудандық кітапхана директорлары, қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітапханамыздың тұрақты оқырманы, қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
  Шамкеева
Айгүл Рзақызы: Кітапхана – білім мен мәдениеттің, парасаттылықтың ошағы. Бүгінгі
заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның дамуы мүмкін емес. Парасаттылық
пен адалдықты
  балаға туғанынан бастап
бойына сіңіру қажет. Сондықтан кітапхана қорларын мемлекеттік тілдегі балалар әдебиеттерімен
толықтыру керек екендігі туралы
 ойымен бөлісті.


Орталықтың мақсаты: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  «Адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығында адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерлету. Мағынасы кең, мазмұны бай, тақырыбы терең сұхбат арқылы ел көңілінен шығатын көкейкесті мәселелер талқылау.

Осы мақсатта кітапхананың оқу залында «Парасат жолы» жобасы аясында «Ар және Заң» / «Честь и Закон» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

 

Автор публикации

не в сети 4 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 598Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий