📚Хромтау аудандық кітапхана қызметкерлері «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Хромтау аудандық филиалына арнайы барып, ұзақ жылдар ауданның әлеуметтік дамуы мен қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан қазіргі таңда зейнет жасындағы ардагерлерді Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.
Аудандық мәдениет үйінің әншісі Ғ.Ә.Бейсенов домбырамен ән шырқады. Сонымен қатар, Жылжымалы кітапхана ұйымдастырылып белгіленген мерзімге көркем әдебиеттер мен журналдар берілді. Ардагерлер ұйымының басшысы Қ.Қ.Биржанов кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіріп,үлкендер ризашылық батасын берді.