Аудандық балалар кітапханасында «Kitap time-2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті

Хромтау аудандық балалар кітапханасында «Kітап тайм-2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі аясында №3 Хромтау орта мектебінің 3 «а» сынып оқушыларының қатысуымен «Ертегілер елінде» атты шара ұйымдастырылды.

Балалар әсем ән салып, ертегілерден қойылым көрсетіп, «Кім білгір», «Ертегі кейіпкерін атау» ойындарына белсене қатысты.
Оқушылар осы шараға арнайы жасалған «Ғажайып қиял әлемі», «Қолөнер-сырлы өнер», «Ғылым мен білім 3Д форматында», «Ертегілер елінде» тақырыбындағы кітап көрмелерімен танысты. Кітапханашы Жиембаева Т.С. кітаптарға шолу жасады.

https://www.instagram.com/reel/DAIqyJKMLHZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021