«Ашық аспан астындағы оқу залы»

 21 маусым күні аудандық кітапханада Астананың 20 жылдығы мен облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында  «Ашық аспан астындағы оқу залы» атты кітап көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты жазғы демалыс кезінде оқушыларды кітап оқуға, бос уақытын тиімді өткізуге дағдыландыру. Сонымен қатар, кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік беру. Көрмеге  №4 орта мектептің 2-3 класс оқушылары мен жетекшілері Бижанова Асем, Баймурзина Санимгул қатысты. Кітапханашы Жанаева Мөлдір  ертегілер әлеміндегі қызықты кітаптар мен энциклопедияларға  шолу жасады. Балалар кітаптарға қызығушылықпен қарап, ертегі әлеміне кіргендей  болды. Орталық алаңда шашка, дамино, пазл және т.б үстел ойындары ұсынылды. Оқушылар II топқа бөлініп, түрлі  эстафеталық  ойындармен сайысқа түсті. Сұрақ-жауап шартында балалар Астанаға байланысты сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Шара соңында II топқа сыйлықтар табысталып, кепілдеме хаттары таратылды.                              

0 комментариев

«Тарихтағы ұмытылмас қасірет»

     31 мамыр күні №6 мектеп-гимназиясында «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай Хромтау аудандық орталық кітапхана «Тарихтағы ұмытылмас қасірет» атты кітап көрмесін жасақтады. Көрмеге Т.Абылайхановтың «Сұрапыл жылдар», З.Байдосұлының «Зұлмат пен үрей:Зобалаң анатомиясы», Қ.Сақтың «Алаш мұрасы», Д.Қамзабекұлының «Алаштың рухани тұғыры», Хромтау өңірі:Қуғын сүргін құрбандары, «Нәубет» және т.б әдебиеттер мен мерзімді басылымдар пайдаланылып, оқырмандарға таныстырылды. Шараға ҚР Мәжіліс парламентінің депутаты, әлеуметтік–мәдени даму комитетінің мүшесі Бақытбек Смағұл, аудан әкімі Аманғали Бердалин қатысты.   31 мая в школе-гимназии №6 состоялась встреча памяти жертв политических репрессии. Хромтауская районная библиотека организовала книжную выставку «Тарихтағы ұмытылмас қасірет»,на выставке были представлены книги Қ.Сақтың «Алаш мұрасы», Д.Қамзабеков «Алаштың рухани тұғыры», Хромтау өңірі: Қуғын сүргін құрбандары, «Нәубет» и другие произведения. На мероприятии приняли участие Депутат мажилиса парламента РК Бакытбек Смагул и аким Хромтауского района Амангали Бердалин.   

0 комментариев

Балалар әлемі – ғажап әлем

     30 мамыр күні аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналған «Балалар әлемі – ғажап әлем» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Мерекеге орай өткізілген шараға № 6 мектеп –гимназиясының 4 сынып және № 3 мектептің 3-4 сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, тақпақ айтып, ән салып, би билеп, Жайдарман ойынынан қойылым көрсетті. Кітапхана қызметкерлері барлық қатысушы балаларға ойыншықтар сыйлады. Мерекеге арналып өткізілген ертеңгілік өте қызықты да тартымды өтті.   30 мая в районной библиотеки, в детском отделе состоялось торжественное мероприятие, посвященное Международному дню защиты детей «Детский мир - прекрасный мир». В мероприятии, посвященном празднику приняли участие ученики 4-го класса школы-гимназии № 6 и ученики 3-4 классов средней школы №3, ученики продемонстрировали свои таланты, пели песни, танцевали, приняли активное участие в игре «Жайдарман». Сотрудники библиотеки поблагодарили всех за участие и вручили памятные подарки. Детский праздник был очень увлекательным и интересным.       

0 комментариев