Наши новинки

Друзья! Наши уважаемые читатели! Вновь районная библиотека удивляет Вас актуальными книжными новинками. Прежде всего популярными детективами, любовными романами,литературой для молодежи, а также жанровым разнообразием остросюжетной литературы. Для Вас в  нашей библиотеке оформлена книжная выставка «Компас в море новинок». Видео презентацию книжной выставки Вы можете посмотреть пройдя по ссылке https://goo.su/1Wrt  www.instagram.com  и в социальной сети  facebook https://goo.su/1wru.  Приходите к нам в районную библиотеку, чтобы почитать эти замечательные книги, узнать много нового, интересного и с пользой провести время. БЕРЕГИТЕ СЕБЯ и СВОИХ БЛИЗКИХ!!!

0 комментариев

Жаңа кітаптар көрмесі

Хромтау аудандық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде  «Атамұра кітапханасы» сериясымен басылып шығарылған «Кітап - әлемнің жаршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқырман қауымды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру. Көрменің виртуалды форматы facebookта - Хромтау аудандық кітапхана https://goo.su/1wru және  khromtau_kitapkhana инстаграм https://goo.su/1Wrt   аккаунтына тіркелген пайдаланушылар назарына ұсынылып отыр.    Кітап адам өміріндегі ең қажетті құндылық және ондағы білімді заман талабына сай жүйе арқылы бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Сондықтан көп кітап оқып, кітап жанашыры болуға шақырамыз!

0 комментариев

Балаларға базарлық!

Балалар кітапханасында оқырмандарға арналған  \"Әлемді кітаппен таны\" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып,   жаңадан түскен әдебиеттерге шолу жасалынды. Ежелгі Қазақстан тарихы, детектив пен фантастика, бүлдіршіндерге арналған санамақтар, әліппе кітаптары мен қыз балаларға арналған энциклопедиялар балаларды бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз.  Келіңіз, таңдаңыз, оқыңыз! Көрменің виртуалды форматын кітапхананың инстаграм https://goo.su/1Wrt  парақшасында  көре аласыз.  

0 комментариев