«Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны»

  8-ші қаңтар күні аудандық кітапхананың оқу залында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Қазақстан— алма мен қызғалдақтың отаны» тақырыбында танымдық сағаты ұйымдастырылды. Ісшараға № 5 мектепгимназиясының 3 «А» оқушылары мен мұғалімі Измагамбетова Жұлдыз Уйтолиевна, 8 класс оқушылары ,№ 6 мектепгимназиясынан Зайткерей Іңкәр, мектептен тыс білімберу орталығының «Шабыт» би тобы, «Жас суретші» үйірмесінің жетекшісі Дүйсенова Айнаш және шәкірттері, балалардың атааналары, кітапхана оқырмандары қатысты.
Мақсаты: әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алу.

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік
мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған.
Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны
саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті.

Шара барысында оқушылар өлең шумақтарын айтып,
би билеп, «Алма апорты», «Қызғалдақ хикаясы» аңыз балладасын Бисекеева Алина
оқып берді. «Жас суретші» үйірме жетекшісі Дүйсенова Айнаш жерімізге керемет
көрік сыйлайтын, сүйікті гүліміз қызғалдақты қолдан қалай жасау жолдарын
балаларға үйретті.

 

   

«Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны» «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны» «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны» «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны» «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны» «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны»

Автор публикации

не в сети 3 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий