Аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған \»Ұлы дала елі\» тақырыбында кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау. Кітап көрмесі Қазақ хандығының іргесін қалаған Керей мен Жәнібек хандардан бастап бүгінгі Тәуелсіздігіміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елге сіңірген еңбектерін баяндайтын \»Ұлы дала мемлекеттері\», \»Күмбірлеп көне дәуір сыр шертеді\», \»Жыраулар поэзия — жырдың мөлдір бастауы\», \»Әдебиет — тарих айнасы\», \»Семей және Алаш\», \»Тәуелсіздік — еліміздің ерлік жолы\» кітаптарымен еліміздің жеткен жетістіктері мен толағай табыстарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саясы, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.