Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жылдығына орай “БІРДЕ ЖАЛЫН, БІРДЕ ШУАҚ, БІРДЕ СЕЗІМ…” аудандық байқауы өтетінін хабарлайды.
🔹Байқау мақсаты мен міндеттері:
Оқырмандар арасында Ф.Оңғарсынованың шығармашылығын, кітап оқуды насихаттау;
Оқырмандық көзқарасын кеңейту;
Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
🔹Байқауды ұйымдастыру және жүргізу:
Байқау Ф.Оңғарсынованың шығармаларынан үзінді мәнерлеп жатқа оқу бойынша өтеді.
🔹Байқау аясында қатысушылар өздері таңдап алған ақынның шығармаларын оқи алады.
Бір оқылымның регламенті 3 минуттан аспауы тиіс. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу, декорация, костюм қолдануға болады. Қатысушы дауысының жазбасын қолдануға болмайды.
🔹Байқауға барлық 15-25 жас аралығындағы тілек білдірушілер қатыса алады.
🗓️Байқау 2024 жылдың 29 қараша күні сағ 15-00 де Аудандық кітапхананың оқу залында өтеді.
Байқаудың әділқазылар алқасы жергілікті ақындар, өнер және мәдениет саласы қызметкерлерінен, кітапханашылардан құралады.
🔹Байқау қатысушыларының оқылымын бағалаудың негізгі критерийлері:
📖Байқауда Ф.Оңғарсынованың өлеңдері мәнерлеп жатқа оқылады.
— таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі; оқу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы);
— актерлік шеберлік;
— шығарма тақырыбы мен музыкалық сүйемелдеудің, костюм мен декорацияның үндесуі.
— Қатысушылардың өнері 10-баллдық жүйемен бағаланады.
🔹Марапаттау рәсімі барысында жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады;
— әділқазы мүшелерінің қалауымен қосымша ынталандыру сыйлықтары берілуі мүмкін;
Ф.Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған аудандық мәнерлеп оқу байқауына өтінім үлгісі:
— қатысушының аты- жөні;
— оқу орны;
— орындалатын шығармалардың авторы мен атауы;
🔹Байқауға қатысуға сұраныстар мына мекен-жай, электронды пошта арқылы қабылданады:
📍Хромтау қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі-7
☎️ Байланыс: 8-7133624-1-41, 87059858472 (ватсап)
📧biblhrom2009@mail.ru