\»Дәстүрлі емес кітап көрмелері\» байкауы/Конкурс\»Нетрадиционные книжные выставки\»

  Аудандық кітапханада 12 қазан күні кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын, тәжірбие алмасуын, кітапхана жұмысының жаңа бағыттарын меңгеру, кітап оқу мәдениетін көтеру мақсатында «Дәстүрлі емес кітап көрмелері» байқауы өткізілді. Аудан бойыша 18 кітапхана , 1 кітапхана –аудандық, 17-ауылдық кітапханалар. Байқау екі кезеңге бөлінді: 12 қазан және 17 қазанда өтеді. Бүгінгі өткен шараға 7 кітапхана дәстүрлі емес кітап көрмелерін дайындап алып келді. Абай ауылдық кітапханасы «Золотые ручки» көрме-хобби, Аққұдық ауылдық кітапханасы «Сүт-тіршілік тірегі» көрме-аспаздық, Бөгетсай ауылдық кітапханасы «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» көрме-естелік, Қопа ауылдық кітапханасы «Әсемдік әлемі» көрме-ателье, Құдықсай ауылдық кітапханасы «Алаштың ардақты ақыны» викторина-көрме, Тамды ауылдық кітапханасы «Ас –адамның арқауы» көрме-аспаздық, Оңғар ауылдық кітапханасы « Самая-самая» көрмелері ұйымдастырылып, кітапханашылар шолу жасады. Әділқазылар алқасы көрмеге байланысты өздерінің пікірлерін білдірді. Байқаудың қорытындысы қазан айының аяғында белгілі болады.    12 октября в Хромтауской районной библиотеке прошёл первый этап конкурса нетрадиционных книжных выставок. Из 17 сельских библиотек в первый день участвовали 7 библиотек. Все сельские библиотеки представили книжные выставки: Онгарская библиотека представила книжную…

0 комментариев

Ерлік туын алаулатқан қазақ қызы

   Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 7 қазан күні Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың 95 жылдығына орай «Ерлік туын алаулаткан қазақ қызы» атты танымдық сағаты өтті. Шараға кітапханамыздың оқырмандары мектеп оқушылары қатысты. Балаларға Ұлы Отан соғысы, батырлардың ел үшін көрсеткен еңбегі жайлы және Мәншүк Мәметованың өмірбаяны, ерлігі туралы мәліметтерді кітапханашы баяндап берді. Оқу залында «Ерлік туын алаулатқан қазақ қызы» атты кітап көрмесі жасақталды. Оқушылар соғыс жайлы, батырлар туралы өлең шумақтарын айтты. 2 топқа бөлініп бір-біріне жұмбақтар жасырып жарысты. Мұрат Ақмоншақ есімді оқушы Мәншүк Мәметоваға арнап өлең шумақтарын шығарып, мәнерлеп оқып берді. Балалар іс-шараға белсене қатысып, білімді екендерін көрсетті.    К 95 летию со дня рождения героя Советского Союза Маншук Маметовой в Хромтауской районной библиотеке 7 октября в детском отделе провели воспитательный час «Ерлік туын алаулатқан қазақ қызы». В мероприятии участвовали ученики Хромтауских школ. Библиотекари рассказали детям о подвиге Маншук Маметовой и о воинах Великой Отечественной войны. Учащиеся читали стихи, спели песни о героях, участвовали в викторине…

0 комментариев

\»Менің ертегілерім/Мои сказки\»

 27 қыркүйек күні аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Пушкиннің ертегілеріне саяхат» атты ертегі сағаты өтті. Кітапхананың оқу залы көз тартардай безендіріліп, «Как вечно Пушкинское слово...» атты кітап көрмесі жасақталды. Ертегі кейіпкерлерінен құрастырылған «Мои сказки» тақырыбында суреттер көрмесі қойылды. Іс-шараға қатысушылар ертегі кейіпкерлерімен бірге «Салтан патша туралы ертегі», оның қаһарман, батыр ұлы Гвидон Салтанович және сұлу ханшайымы Аққу туралы қызықты ертегісіне сапар шекті. Викториналық сұрақтарға қызығушылықтарын ояту үшін балаларға әдеби сергіту ойындары өткізілді. Шараға № 4 мектептің 4 сынып оқушылары, олардың ата-аналары және сыныпжетекшісі Р.Ж.Таимова қатысты. Өткізілген іс-шара барысында балалардың А.Пушкинді сүйіп оқитындығы көрінді. Балаларға тәттілер, жадынамалар, бет белгілері таратылды.    27 сентября в детском отделе районной библиотеки провели час сказки «Путешествие в мир сказок Пушкина», посвященный творчеству великого русского писателя А.С.Пушкина. Цель мероприятия – привлечение детей в библиотеку, любви к чтению, воспитание культуры чтения и знание творчества писателя. Были приглашены учащиеся 4 класса школы № 4 и их классный руководитель Таимова Р.Ж. Библиотекарь Жиенбаева Т.С. познакомила…

0 комментариев