Ою ойғанның ойы артық
Ою ойғанның ойы артық 2017 жылдың наурыз айынан бастап аудандық кітапханада «Алтын жас» клубы ашылды. Клуб екі айда бір реттен кітапханада жиналып іс-шараларға қатысып отырады. 23 мамыр күні аудандық кітапханада «Алтын жас» клуб мүшелерінің қатысуымен «Ою ойғанның ойы артық» тақырыбын да эстетикалық тәрбие сағаты өткізілді. Клуб мүшелері: Абдрахманова Рыстыгүл, Нурмуханова Бекзада, Туражанова Гүлшат, Достанова Набира, Марзия әжей қатысты. Клубтың мақсаты: жеткіншектердің кестетігу мен ою-өрнек қиып, тоқыма тоқып тағы басқада қолөнерден едәуір хабардар болуын, келешекте қандай мамандықты меңгерсе де жасөспірімдердің рухани өрісі мен дүниетанымын арттыру балаларды қазақтың қол өнер бұйымдарымен таныстыру. Кітапханашы Т.С.Жиембаева қазақтың ұлттық ою-өрнектер, олардың шығу тарихы, ерекшеліктері, қолданылуы туралы айтып,ұлттық ою-өрнек туралы жазылған энциклопедияларымен таныстырып шолу жүргізді. Кешіміздің қонағы «Алтын жас» клубының мүшесі шебер Марзия әжей өз қолынан жасаған бұйымдары алып келіп, әңгімелеп айтып берді. Кесте тоқу, құрақ құрау, шілтер тоқу әдістері туралы айтып, көрсетті. Әсіресе 82 жастағы шебер Марзия әже ілмекпен тоқығанда тек балаларды емес…