Кітапханаға саяхат

Ақпан айының 4-де №5 мектеп-гимназиясының  2 класс оқушыларымен  аудандық кітапханаға саяхат жүргізілді. Балалар бөлімінің кітапханашысы Кадиржанова Гүлденай    кітапханаға жазылу ережесімен таныстырып жаңадан түскен кітаптарға, энциклопедияларға шолу жасады. Оқушыларды «Табиғат» клубының мүшесі болуға шақырды. кітапханада өзін-өзі қалай ұстау туралы жадынамалар , жаңадан жазылатын балаларға ата –аналарына кепілдемелер таратылды, пазлдар құрастырып, ермексазбен ертегілер кейіпкерлерін жасады, шахмат ойындарын ойнады.   В Хромтауской районной библиотеке в детском отделе провели с учениками 2-х классов школы-гимназии № 5  мероприятие «Экскурсия в библиотеку». Библиотекарь Гульденай Кадиржанова ознакомила детей с правилами библиотеки и сделала обзор вновь поступившей литературы. Библиотекарь  пригласила учеников стать членами клуба «Табиғат», также рассказала детям, как нужно вести себя в библиотеке, раздала  бланки о поручительстве родителей, впервые записавшимся ученикам. Дети  с интересом читали книги, собирали пазлы, играли в шахматы, разгадывали загадки о литературных героях.

0 комментариев

\»Жырымен жас ұрпақты тербеткен\»

Белгілі қазақ драматургі, ақын әрісценарист, мемлекеттік «Алаш» сыйлығының лауреаты,«Балдырған»балалар журналы бас редакторыныңорынбасары,көптеген әдеби кітаптардың авторы Ескен Елубаевтың 75 жылдығына орай үшінші ақпан күні аудандық кітапхана және №5 мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Жырымен жас ұрпақты тербеткен» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке №5 гимназиясының 4-3 сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: балаларға қазақ ақындарының шығармашылын насихаттау, соның ішіндеЕскен Елубаев ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен жақынырақ таныстыру. Ақынның кітабынан алынған таңдамалы шығармаларарқылы оқушылардың сөз байлығын кеңейту, оқу мәдениетін қалыптастыру,жеңіләзіл және шынайылық стилінде жазылған жаңа заманға сай өлеңдермен таныстыру. Балаларға автордың жазған жаңылтпаштары, жұмбақтары, өлендері, пьесалары жазылған кітаптарға шолу жасалды. Ақынның өмірі туралы мәлімет оқылып, кітаптары аталды. Оқушылар жаттаған өлеңдерін ортаға салып бөлісті. «Асар» атты жануарлар туралы ертегі пьесасының желісімен көрініс көрсетілді. Кеш сонында этнографиялық жұмбақтары қойылды, балалар белсенді түрде жауап берді. Бұл жас ұрпақтың Ескен Елубаевтың шығармашылығына деген қызығушылығының айқын көрінісі. 3 февраля 2017 года в школе-гимназии №5 для учащихся 3-4 классов, библиотекарями районной и школьной библиотеки был проведен литературный вечер «Жырымен жас…

0 комментариев

\»Алтын жас\» зейнеткерлер клубы

2017 жылдың 28 қаңтарында аудандық орталық кітапханада зейнеткерлердің бос уақытын өткізуге арналған «Алтын жас» қызығушылық клубы ашылды.Клуб мүшелері бір-бірімен танысып, клуб жетекшісін сайлады.Осы отырыста қызығушылық клубтың жарғысы, мақсаттары мен міндеттері, клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы айтылып, талқыланды. Дөңгелек үстел басындағы отырыс өмір туралы, денсаулық пен болып жатқан келеңсіз жағдайлар жайында әңгімелесумен өтті. Клубтың жұмыс жоспары талқыланды. Наурыз айында кездесу кешін өткізу туралы келісім жасалды. 28 января 2017 года в районной центральной библиотеке открылся клуб «Алтын жас» для досуга пенсионеров города Хромтау. На первой встрече члены клуба познакомились друг с другом, выбрали руководителя, обсудили дальнейшую судьбу клуба. А также поговорили о последних политических событиях Казахстана и мира. Члены клуба решили устроить следующую встречу в марте этого года.      

0 комментариев