🍁📚Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға "Оқитын өлке-2023" облыстық акциясы аясында оқуға таңдалған жазушы Өтебай Қанахиннің шығармаларынан "Құдірет" романынан үзінді ұсынамыз. 🔹Оқыған:Кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері: Қазбаева Ж. М. https://www.instagram.com/reel/CzLhcdis7FS/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Қаламы жүйрік жерлестер» бейнеролик

⚜️Хромтау ауданында дүниеге келген ақын - жазушыларды насихаттау мақсатында ұйымдастырған "Қаламы жүйрік жерлестер" бейнеролик челленджін ұсынамыз. https://www.instagram.com/reel/CzGodhGsaRx/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Қазақтың қазыналы қаламгері» оқырмандар конференциясы

Аудандық кітапханада "YMYRTTAGY KUTAPHANA" әлеуметтік - мәдени шара аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына​ арналған оқырмандар конференциясы өткізілді. 🔹Шара барысында ​ көрнекті жазушы, елден ерек драматургиясымен ел есінде қалған тұлғаны еске алып, шығармалары жас ұрпаққа дәріптелді. Конференцияға №5 мектеп-гимназиясының​ оқушылары,кітапхана қызметкерлері, тұрақты оқырманымыз, зейнеткер-ұстаз Достанова Набира апай қатысты. 🔹Шара Балалар музыка мектебінің оқушысы Сұлтанғали Ж орындауында, жетекшісі Муфтиева М.Н, Қазанғаптың «Құс қайтару» күйімен басталды.Кітапхана қызметкері Жаханова А.М «Әдебиет әлеміндегі шырақ сәулесі» тақырыбында баяндама жасады. 🔹«Шырағы сөнбеген кемел тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Набира апай оқушыларға қаламгердің шығармалары туралы баяндап берді. «Шырағың сөнбесін» романы бойынша буктрейлер көрсетілді. 🔹Оқушылар жазушының шығармалары бойынша​ қойылған сұрақтарға жауап берді. Аталмыш шарадан алған әсерлерімен бөлісті. Кітапхана директоры Баймұратова Б.Ұ белсене қатысқан оқушыларға алғыс хаттар ұсынды. https://www.instagram.com/reel/Cy8K8WTMBwq/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев