«Дара кітапханашы-дана кітапханашы-2023» ауылдық кітапханашылар байқауы

Хромтау аудандық орталық кітапханасының үйымдастыруымен Ақжар ауылдық кітапханасында «Дара кітапханашы-дана кітапханашы-2023» аудандық кітапханашылар байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар«Кітап.Уақыт.Біз»,Кітапхананың көрме қызметі,«Әдебиет әлемінде », «Бір ел - бір кітап», « Оқитын өлке » деп аталатын бес кезеңнен өтті. Әділқазылар алқасы төменде көрсетілген кітапханашыларды бес кезең бойынша марапаттады. Тасөткел ауылдық кітапханашысы Орынбасарова Айна III- орынға ие болса,Дөң модельді ауылдық кітапханашысы- Елеубай Аяжан II- орынды қанжығасына байлады. Жүлделі 1-орынды Тассай ауылдық кітапханашысы Карина Ақмарал иеленді. «Ең үздік инсталляциялық көрме » номинациясымен Сағымбаева А. «Зерделі кітапханашы» номинациясымен Ильясова А.«Көрермендер көзайымы» номинациясымен Кульманова З.Белсене қатысқаны үшін- Зингина Г., Имашова Р. иеленді.  

0 комментариев

«Сүйікті қалам — Астана» сурет байқауы

🎨Хромтау аудандық балалар кітапханасы Астанамыздың туған күніне орай сурет салу байқауын ұйымдастырды. ✴️Байқауға мектептен тыс білім беру орталығының «Балдаурен» жазғы лагердің 8-12 жас аралығындағы бүлдіршіндері қатысты. ✴️ Байқау қорытындысы бойынша: І- орынға Есенғали Аймерей, ІІ- орынға Төрегелді Аяулым, ІІІ- орынға Есенғали Сезім лайықты деп табылды. 🎊Жүлдегерлер мен қатысушылар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. https://www.instagram.com/p/CuTd0M7MM6f/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Кітап. Жаз.Оқырман» жазғы оқу акциясы

«Кітап. Жаз.Оқырман» жазғы оқу акциясы аясында аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Ертегілер әлемінде» атты іс-шараға мектептен тыс білім беру орталығының жазғы лагерь оқушылары мен тәлімгерлері,кітапхана оқырмандары қатысты. ⚜️Шарада балалар өнерлерін ортаға салып «Қызыл телпек» ертегі қойылымын көрсетіп, ертегі кейіпкерлері бойынша сөзжұмбақтар шешіп, зейіндерін тексере отыра, әдеби ойындар ойнады. Оқырмандар шағын үзінділер оқып, өздерінің сүйікті ертегі кітаптары туралы пікір алысты.

0 комментариев