«Қазақтың қолөнері –төл өнері» шеберлік сағаты

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі күні қарсаңында аудандық балалар кітапханасында «Қазақтың қолөнері –төл өнері» атты шеберлік сағаты өткізілді. Кітапханашы Жиембаева Т.С. қатысушы оқырмандарға, шақырылған қонақтарға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен мәдениеті, ұлттық қолөнері туралы әңгімелеп берді. Шеберлік сағатына шақырылған қонағымыз мектептен тыс білім беру орталығының «Графика және жобалау» үйірмесінің жетекшісі Дүйсенова Айнаш Есентүгелқызы қазақтың кесте өнері, қолөнер бұйымдарының жасалуын жолдарын көрсетті. Өткізілген шараға МТББОрталығының қолөнер үйірмесінің оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

(далее…)

0 комментариев

«Ұлттық ойындар- халық мұрасы» танымдық сағаты

Аудандық балалар кітапханасында Наурыз мерекесіне орай №3 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұмабаев Сабит Мұқанбетқазыұлы және 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық ойындар- халық мұрасы» атты танымдық сағаты өтті. Қазақтың ұлттық ойындарын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында "Арқан тарту", "Тоғ ызқұмалақ", "Қолкүрес" сынды ұлттық ойындар ойнатылды.

0 комментариев

«Мен таңдаған мамандық» атты профориентациялық кездесу

«YMYRTTAGY KITAPHANA» мәдени-әлеуметтік шарасы аясында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Мен таңдаған мамандық» атты №5 Хромтау гимназиясы 9 сынып оқушыларының қатысуымен  профориентациялық кездесу өтті. Оқушыларға болашақта мамандық тандауды дұрыс жасауына керекті мәлімет және ақпараттармен бөлісіп, психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушылардың мамандық туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейміділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.  

0 комментариев