\»Бір ел- бір кітап\» акциясы

 Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау. \"Бір ел - бір кітап - 2019\" республикалық оқу акциясына Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», Әбділда Тәжібаевтың лирикасы  шығармалары тандалды.Құрметті оқырмандар, аудандық кітапханада Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  «Қазақ әдебиетінің тарлан тұлғалары» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталды.   В рамках республиканской акции \"Одна страна - одна книга - 2018\" по инициативе и при поддержке министерства Культуры РК и библиотечной Ассоциации РК выбраны роман Абиша Кекилбаева «Конец легенды» и лирика Абдилди Тажибаева. Цель акции – развитие интереса к изучению литературного наследия Казахстана, общества, повышение мотивации на обучение, а также интеллектуально-духовное развитие  подрастающего поколения. 

0 комментариев

«Тапқыр болсаң, озып көр!»

 9 қаңтар күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен оқушылардың қысқы демалысын тиімді өткізу, жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау мақсатында «Тапқыр болсаң, озып көр!» атты интеллектуалды сайысы өткізілді. 5 кезеңнен тұратын сайыс барысында қатысушылар «Қыран» және «Сұңқар» атты топқа бөлініп, ой-өрісін, білімдерін, ептілігін көрсетті. Ойыншылар топ ұранымен таныстырып, мақалдың жалғасын, жұмбақтың шешуін тауып, қазақ тілі мен математикадан сұрақтарға жауап берді. Қыран тобынан Ұзақбай Аяулым, Сағынбай Гүлхан атты оқушылар белсенділік танытса, Сұңқар тобында Шыңғыс Айкүн мен Ұзақбай Дәмелі білімділігімен көзге түсті. Әділқазылар шешімі бойынша достық жеңіп, сайыс соңында балаларға тәтті таратылды.              

0 комментариев