«Тұғыры биік – Туымыз, еңсесі биік – Елтаңба, әуені асқақ – Әнұран»
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Биыл рәміздердің 25 жылдық мерейтойы. Конституциялық заң 2007 жылдың 4-ші маусымында қабылданған болатын. Рәміздер кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттарының бірі. Көк Туымыздың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты, көгілдір түсті Туымыз бейбіт аспанда желбіреп тұр. Сабының тұсы ұлттық оюмен тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Ал Елтаңбамыз дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тараған уықтар шаншылған. Арнайы байқау ұйымдастырылып, 250 нұсқаның ішінен таңдалған қазіргі Елтаңбамызды белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов салды. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның Әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалған Әнұранымыз қашан да қазақтың намысын асқақтатып, әуелей түспек. Музыкасын Шәмші…