МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
2013 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніболып бекітіліп, кәсіби мерекелер тізбесіне енгізілді Указом Президента Назарбаева Н.А. с 2013 года 21 мая является Днем работников культуры и искусства. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Мәдениет - елдің ең асыл рухани байлығы, асыл мұрасы» - деп атап көрсеткен болатын. 2013 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні болып бекітіліп, кәсіби мерекелер тізбесіне енгізілді. Мәдениет ел мәйегі, мемлекеттілікті айшықтайтын ең басты факторлардың бірі. Сондықтан да өнерін сүйген, өнерпазын мәпелеген елдің мәртебесі қашан да биік. Бар өнерін бармақтың басына, тілдің ұшына қондырған халқымыздың шежіресі, көнекөз естелігі ең алдымен оның әні мен күйінде, жыр-толғауында болған. Мәдениеті төмен елдің болашағы бұлыңғыр. Халықтың мәдениетін арттыру, өсер ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерімізді дәріптеу мәдениет қызметкерлері арқылы жүзеге асып келеді. Мәдениет саласының қызметкерлері айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан-дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Құрметті әріптестер, достар! Кәсіби…