Иван Купала мерекесі/Праздник Ивана Купала (Сценарий)
Иван Купала мерекесінің сценарийі/Сценарий ко дню празднования Ивана Купала Қайырлы күн құрметті қонақтар! Добрый день уважаемые гости! Иван Купала мерекесі-көне замандардан бері славяндар үшін күн мейрамы. «Иван Купала» – кезінде маусым айының 23-нен 24-не қараған түні (жаңаша 7 шілде ) аталынып өтілетін және жазғы күннің тоқырауына сәйкестендірілетін мейрам. Бұл түні адамдар ұйықтамай таңды күткен, бұл уақытта,арам күштер, су перісі, мыстан тіріліп келеді деген наным болған. Сиқырлы құпияға толы бұл күнді адамдар таңғажайып елестермен байланыстырады. Бұл күні алаулар жағып, адамдар өзендерге шомылған. От тазалықтың нышаны саналып, жастары алаудың үстінен секіріп, өздерін тазалайтын болған.Жыл сайын бұл түні әлемнің тағдыры шешіледі: не Жарық дүние орнайды, не әлемді қара Түнек жалмайды деп саналған. Әр жылы шайқаста Жақсылық күштері жеңіп шығады. Және осы мереке кезінде көп нәрсені істеп үлгеру керек деп саналған, яғни, далаға жағылған оттан секіріп өту, сауықтыратын суларда жуыну, Купала түнінде ғана ерекше емдік күшке ие болатын шөптерді жинау,…