ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ 175 ЖЫЛ
19 ақпан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Адалдық алаңы» жобасы аясында кітапханаларда «Парасат жолы» орталығының ашылуы өткізілді. Шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Юнисова Алтынай Юнисовна, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Досанов Ғалымбек Нұрмыханұлы, қоғам қайраткері Отыншин Раукен Сағызбайұлы, ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі Тайжанов Алтай Тайжанұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тілеулесов Талғат Бұрханұлы, қалалық аудандық кітапхана директорлары, қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітапханамыздың тұрақты оқырманы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Шамкеева Айгүл Рзақызы: Кітапхана – білім мен мәдениеттің, парасаттылықтың ошағы. Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның дамуы мүмкін емес. Парасаттылық пен адалдықты балаға туғанынан бастап бойына сіңіру қажет. Сондықтан кітапхана қорларын мемлекеттік тілдегі балалар әдебиеттерімен толықтыру керек екендігі туралы ойымен бөлісті. Орталықтың мақсаты: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығында адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық,сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Хромтау аудандық кітапханасы 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай \"Ауған жауынгерлерінің ерлігі - бүгінгі ұрпаққа өнеге\" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. А.Балқасыновтың \"Жауынгер - интернационалист ерлігі\", \"Біз антымызды орындадық\", «О павших в Афганистане» естелік кітабы , «Память из пламени Афганистана», А.Кужбановтың \"Сердцем сказанное через время\", ауданымыздан ауған соғысына қатысқан 67 жауынгерлердің өмірбаяндары жинақталған \"Ерлік ұрпаққа мұра\" атты ұсыныстық көрсеткіш және т.б. әдебиеттер қойылды. Виртуалды кітап көрмесін сілтемені басу https://goo.su/4BuN арқылы көре аласыздар.