5 наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесіне орай зейнеткер кітапханашыларға арналған «Кітапхананың алтын шырақтары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – зейнеткер кітапханашылардың кәсіби өмірі жайлы біле отырып, жас мамандарға кітапхана саласының маңыздылығын тереңірек насихаттау.
Шараға арнайы шақырылған Үмітай Диярқызы мен Мансия Кеулімжайқызына шексіз алғысымызды білдіріп, оларға мықты денсаулық, отбастарына амандық тілейміз.
Шара соңында жас кітапханашылар құрметті аналарымызға арналған өлең шумақтары мен ана туралы әндерін орындап, ерекше ықылас танытты. Кәсіподақ ұйымының атынан кітапхана директоры Баймұратова Б.Ұ. қонақтарды мерекемен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.
Бұл шара жас мамандар үшін үлкен тағылым, ал зейнеткер кітапханашыларымыз үшін ерекше құрметке толы болды.