«Әлем менің көзіммен» сурет байқауы

⚜️Хромтау аудандық балалар кітапханасы «Ерекше балалар-ерекше әлем» жобасы аясында «Әлем менің көзіммен» атты еркін тақырыпта онлайн сурет байқауын ұйымдастырды.

🔹Байқауға қаламыздағы инклюзивті оқитын балалар қатыстырылды. Балалар салған суреттер бір қолдан шыққандай әсер қалдырды. Себебі бәрі де жылы күнді, өздері тұратын үйлерін, жасыл табиғатты бейнелеген.

🔹Шара барысында мектептен тыс білім беру орталығының оқушылары балаларға көңіл күй ,қуаныш сыйлайтын ән мен күй орындап берді.

🔹Шара соңында байқауға демеушілік жасаған ауданымыздың «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сыйлықтарын табыстады.

Автор публикации

не в сети 4 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 583Регистрация: 20-10-2021