📜 «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» жазба ақындар байқауына қатысуға шақырамыз!

📜 «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» жазба ақындар байқауы.
📌 Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы мен Хромтау ауданының 90 жылдығына орай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» атты жазба ақындар байқауы ұйымдастырылады.
📚1. Байқаудың мақсаты:
• Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын насихаттау
• Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық рухты нығайту
• Жас қаламгерлердің шығармашылық қабілетін дамыту
• Қазіргі заманмен үндес, өнегелі, ойлы поэзияны қолдау
👥 2. Қатысушылар:
• Байқауға 20 жастан жоғары жас ақындар мен қаламгерлер қатыса алады
• Қатысушы – жеке тұлға (ұжымдық өтініштер қабылданбайды)
📝 3. Байқау шарттары:
• Өлең қазақ тілінде жазылуы тиіс
• Бұрын жарияланбаған, арнайы осы байқауға арналған төл шығарма ұсынылуы қажет
• Әр қатысушы 2 өлең ұсынады:
🟢 1-ші тақырып:
Абай шығармашылығына арнау, рухани-танымдық ой толғау, хәкім Абайдың идеяларын жаңаша жеткізу
🟢 2-ші тақырып:
Хромтау ауданының тарихы, дамуы, тұлғалары, табиғаты, еңбек адамдары,
90 жылдық мерейтойына арналған мазмұн қамтылуы тиіс
• ✍️ Өлең көлемі: ең азы – 16 жол, ең көбі – 40 жол
• Тақырыпқа сай идеялық тереңдік, көркемдік талап етіледі
• Өлең Microsoft Word форматында (14 шрифт, Times New Roman) жолдануы тиіс
• 📎 Қосымшада көрсетілуі тиіс:
• Аты-жөні
• Туған жылы
• Тұрғылықты жері
• Байланыс нөмірі
• Электронды пошта
📆 4. Өтініш қабылдау мерзімі:
• 🗓️ 2025 жылғы 31 шілдеге дейін қабылданады.
• 📍 Өтетін күні: 2025 жылғы 8 тамыз,
🕙 сағат 10:00-де
• 📚 Өтетін орны: Аудандық кітапхана
📊 5. Бағалау критерийлері:
• Тақырыпқа сай келуі
• Терең мазмұн мен ой өзектілігі
• Өлең құрылысы мен көркемдік ерекшелігі
• Авторлық стиль мен шеберлік.
🏆 6. Жеңімпаздар төмендегі номинациялар бойынша марапатталады:
• Бас жүлде – диплом және бағалы сыйлық
• I орын – диплом және бағалы сыйлық
• II орын – диплом және бағалы сыйлық
• III орын – диплом және сыйлық
📚Арнаулы жүлделер:
• «Көрермен көзайымы»
• «Жас ақын»
• «Үздік тарихты жырлау» номинациялары.
📞 Байланыс телефоны: 24-1-41
✉️ E-mail: biblhrom2009@mail.ru

https://www.instagram.com/reel/DL41FzxM6lR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 1 день

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 625Регистрация: 20-10-2021