Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына
арналған «Туған жерім- нұрлы елім» акциясы аясында тамыздың 4-6 аралығында
Ақтөбеде Хромтау ауданының күндері өтті. Осы күндер аралығында Хромтаулықтар
өздерінің жетістіктерін көрсетті, өңдірілетін тауарларды және ауыл шаруашылық
өнімдерін «Табыс» базарында төмен бағалармен ұсынды, тарихы туралы баяндады,
танымал тұлғалармен таныстырды, қайырымдылық концертімен және сыйлықтармен
балалар және қарттар үйіне кіріп шықты, ат жарыс және спорттық сайыстар ұйымдастырылды,
дастархан жайылды, балаларға балмұздақ беріп қуантты, кәдесый және сыйлық
жасаудан мастер-класс көрсетілді,екі жарым сағатқа созылған гала-концерт
түрінде тамаша кеш сыйлады.
6-тамыз. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің құнды
жәдігерлерімен таныстыру барысында.
6-тамыз. Спорттық сайыстар мен ойындар.
6-тамыз. Балаларға базарлық.
6-тамыз. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер
кітапханасының аспан астындағы жазғы оқу залы көрінісі.
6-тамыз. С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми
кітапханасының қызметкерлерімен.
6-тамыз. Гала-концерт.
2016 жылдың 5 тамызында С.Бәйішев атындағы облыстық
әмбебап-ғылыми кітапханасында «Мүмкіндіктері мол өлке/Край больших
возможностей» жанды журналы екі тілде өткізілді. Кітапханашылар осы журналды
ауызша журнал ретінде есте сақтаған. Хромтау ауданы туралы жазылған кітаптардың
авторларымен кездесіп, әңгіме жүргізілді. Сондықтан біз «ауызша журналды»
«жанды журнал» деп атауын өзгерттік.
Алғы сөз Ақтөбе облысының
мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Гүлжан Махановаға
берілді.
«Мүмкіндіктері мол өлке/Край больших возможностей» жанды журналы Хромтау
аудандық орталық кітапхана қызметкерлеріжәне оқырмандардың қатысуымен болған флешмоб биімен ашылды. Бұл биде
берілген тақырыппен байланыс көрініс тапты.
Журналдың 1-беті. Тарихқа көзқарас. Ауданның тарихы, тарихи оқиғалары
туралы өлкетанушы Құлтаев Баянғали Қанапияұлы баяндап берді.
Журналдың 2-беті.Өлке қазыналары.
Ауданныңқұрметті азаматы, журналисті Козачок Анатолий Федорович Дөң тау кен байыту
комбинатының тарихы туралы және ауданымыз хром рудасының қорымен ғана емес,
сонымен қатар басқа да пайдалы қазбаларға бай екенін айтып берді.
Журналдың 3-беті. Ұрпақтан ұрпаққа – лайықты мұра. Хромтау ауданының
батырлары, жас талант иелері туралы баяндалды. Жас суретші Серіктай Марсельдың
сурет көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар баспадан шығуға әзірленіп жатқан
Бөгетсай ауылдық кіші энциклопедиясына анонс жасалды.
Жанды журналдың қорытындысы ретінде аудан әкімі Османғалиев Аязбай
Қайырғалиұлы және «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мәриям
Төреғалиқызы жылы лебіздерін білдірді.
Жанды журнал флешмоб биімен аяқталып «Өлкемізге қош келдіңіздер!» баннері
көрсетілді.Ақтөбеде өткен Хромтау ауданының күндері барысында біз тамаша көңіл-күй,
жылулық және жақсы атмосфера қалдырдық деп үміттенеміз.