🔹«Отанға қызмет» атты тарихи сағат Ауған соғысы ардагерлер күніне орай ұйымдастырылды. Бұл шара Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханасында өтті. «Отанға қызмет» атты тарихи сағат аясында арнайы кітап көрмесі мен Хромтау аудандық тарихи өлкетану музейінің «Ауғанның асуында от кешкендер» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ауған соғысы ардагерлері мен Отан қорғаушылардың ерлігі туралы жазылған кітаптар, құжаттар, мақалалар және фотоматериалдар қойылды. Көрмені тамашалаған оқушылар мен қонақтарға сұрақтар қойылып, Шамшат Нұрғалымның орындауында «Жаңа ғасыр Қазақстан» әні тарту етілді.
Толығырақ https://www.instagram.com/hromtau_audandyk_kitaphana/?e=164390af-564d-40a5-8dcb-2c096b65be39&g=5