Жас дарын Серіктай Марсельдің сурет көрмесі

      Шараға мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар қатысты. Сонымен қатар мереке қонақтары Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Н. Елеутов, аудандық мұражай директоры Н.Ж.Аманғалиева, Мәдениет үйінің инспекторы Р.Ж. Қаржаубаева, \"Нұр Отан” партиясы Хромтау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ж.Нұрымов  жас дарынға шығармашылық шабыт, зорденсаулық, сәттілік, өнерінің әрі қарай шындала беруіне ізгі тілектерін білдіріп, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан мұғалімі Рычкова Клараға және Марсельдің анасы Таимова Венераға алғыс хаттарын табыс етті. Марсельдің бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы 2 жасынан басталған. Ерекше дарыны 2013 жылы қатысқан «Айналайын 2013» жас таланттар балалар фестивалінде байқалды, ол «Көркемсурет өнері» номинациясы бойынша бас жүлдені , Космонавтика күніне орай өткен «Дети –космосу» облыстық байқауында 1 орынды иеленді. Сонымен қатар, 2014 жылы қараша айында Астана қаласында балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған байқау-фестивалі ұйымдастырылып, жоғары халықаралық  сарапшылар назарына Башқұртстан, Ресей, Армения, және Қазақстаннан келген дарынды балалар және жасөспірімдер жұмыстары ұсынылып, Ақтөбе облысы соның ішінде Хромтау қаласынан 7 жасар Серіктай Марсель «Живопись» және «Графика»…

0 комментариев