31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

 

 

 

 

 

31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қуғын-сүргін құрбандары-Алаш жұртының зиялылары…» тақырыбында шара өткізілді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары М.Р.Қабыл, аудан ардагерлері, №7 мектеп-гимназиясының тарихшысы Н.А.Жетесов, №5 Хромтау гимназиясының оқушылары мен Хромтау тау- техникалық жоғарғы колледжінің студенттері, кітапхана, архив қызметкерлері қатысты. Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына құран бағыштады.
Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Рақымжанұлы сөз сөйлеп, «Ақтөбе өңіріндегі кеңістік қуғын-сүргін зобалаңы» кітабының І-ші бөлімін музейге сыйға тапсырды.
Кітапханадан «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрермендер назарына ұсынылды.

Автор публикации

не в сети 5 дней

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 598Регистрация: 20-10-2021