31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі мен аудандық кітапхана қызметкерлері бірлесіп, Хромтау тау-техникалық жоғарғы колледжінің мәжіліс залында \»Хромтау өңірі: қуғын-сүргін құрбандары\» тақырыбында шара өткізді. Шара барысында музей директоры Нұргүл Жолмұратқызы \»Азаттықты аңсаған азаматтар\» атты көрмемен таныстырды, кіші ғылыми қызметкер Л. К. Жолдыбаева \»Тарих. Тағылым. Тағдырлар\» тақырыбында баяндама оқыды. Аудандық кітапхананың кітапханашысы Ақжарқын Жаханова «Зұлмат жылдар қасіреті» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Шараға колледж студенттері мен оқытушылар және тарихшы Марал Қансұлтанұлы, аудан әкімінің орынбасары Мадьяр Рахымжанұлы қатысты.