25 маусымда Хромтау аудандық орталық кітапханасында ауылдық кітапханалар мамандарына арналған «Қазіргі заманғы кітапхананың жұмысын ұйымдастыру» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.

🌟 Семинар бағдарламасы:

1️⃣ «Ауылдық кітапхана: қорды толықтырудан тиімді пайдалануға дейін»
құжаттарды өндеу және жинақтау бөлімінің қызметкері Таимова А.Ж.
2️⃣ «Оқырмандарды кітапханаға тарту тәсілдері»
кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Беркимбаева Д.Б.
3️⃣ «Кітапхана жұмысы бойынша рейтинг»
кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Қазбаева Ж.М.

🔍 Семинар қорытындысы:

Қатысушылар кітапхана жұмысына қатысты заманауи тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Әсіресе, оқырмандарды тартудың жаңа әдістері мен кітапхана рейтингін арттыру жолдары бойынша ұсыныстар қызу талқыланды.

✨ Кітапхана – білімнің қайнар көзі!
Осындай іс-шаралар кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға және қоғамға сапалы қызмет көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.

https://www.instagram.com/reel/DLWqaxKM3wR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 621Регистрация: 20-10-2021