Абай тағылымы — жас ақындар жырында

Тамыз айының 8 күні Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы және Хромтау ауданының 90 жылдығына орай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» атты жазба ақындар байқауы өтті.

📖Байқауға қаламыздың талантты жазба ақындары қатысып, Абай шығармашылығына, оның философиялық мұрасына, сондай-ақ Хромтау өңірінің өткені мен бүгініне арналған өлең-жырларын ұсынды. Байқау өскелең ұрпаққа тағылым беретін, рухани-мәдени тәрбиені арттыратын маңызды шара болды.

📖Байқау барысында қатысушылардың туындылары мазмұны, тіл байлығы, көркемдік ерекшелігі және Абай мұрасымен үндестігі тұрғысынан бағаланды. Жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Бейнероликті көру үшін сілтемені басу арқылы көре аласыз.

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 627Регистрация: 20-10-2021