“Қаныш Сәтбаев мұрасы және рухани құндылықтар” оқырмандар конференциясы

🔰30 сәуір күні аудандық кітапханада қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай “Қаныш Сәтбаев мұрасы және рухани құндылықтар” атты конференция өтті. Шараға Хромтау тау - кен техникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты. 📚Мақсаты: отандық ғылымның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау, ел дамуына елеулі үлес қосқан әйгілі тұлғаның өмір жолдары, еңбектері туралы мол мағлұмат беру. 📚Аталмыш шарада Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің кіші қызметкері Жолдыбаева Л.К. және Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенті Тулебекова Ж. ғалымның ізгілікті мұрасы туралы баяндама жасады. Студенттер өз ойларын ортаға салып пікір алмасты. Белсене қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

0 комментариев

23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Аудандық кітапхана және Жастар ресурсы орталығының ұйымдастыруымен «Кітап-алтын қазына» тақырыбында пікір сайыс турнирі өтті. Шараға 10-11 сынып оқушылары қатысып телефон қолданбау цифралануға кедергі яғни электронды кітап төңірегінде пікір алмасты. Жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру, пікірталас қозғалысының дамуына ықпал ету мақсатында өткен пікір сайыс турнирі өз мақсатына жете алды. Сонымен қатар, "Жастар әлемі: Оқы, ойла, өзіңді жетілдір!" кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. https://www.instagram.com/reel/C6GsnJIsLgh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

2 сәуір Халықаралық балалар кітап күніне арналған «Менің кітабым» атты ертеңгілік ұйымдастырылды

Хромтау аудандық балалар кітапханасы 2 сәуір Халықаралық балалар кітап күніне арналған «Менің кітабым» атты ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға мектептен тыс білім беру орталығының «Сурет» үйірмесінің балалары қатысты. Шараның мақсаты: балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында балалар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтып, кітап туралы өлеңдер оқыды және өз қолдарынан кітап жасады. Кітапханашы «Кітап- даналардың данасы» атты кітаптар көрмесіне шолу жасап, балаларға арналған журналдармен таныстырды. https://www.instagram.com/reel/C5QClLvMJlt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев