2021 жыл кітаптары анықталды

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жас өспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау. 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімін ұсынамыз.   Поэзия 1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан». 2.Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным». 3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап». 4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы». 5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары». 6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».   Проза 1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі». 2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы». 3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр». 4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет». 5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ». 6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».…

0 комментариев

Сапарғали Бегалин — 125 жыл

          Аудандық балалар кітапханасында қараша айының 6-24 күндері аралығында қазақ балалар  әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңірген, оның негізін қалаушы алғашқы көшбасшысы, этнограф,әрі тарихшы, қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және жинақтаушысы Сапарғали Бегалиннің 125 жылдығына «Балалық шақтың елшісі» атты әдеби эстафетасы өткізілді. Аталмыш эстафетаға қатысқан ауыл  кітапханашылары  жазушының өмірі мен  шығармашылығына арнап бейнероликтер дайындай отырып, ақынның  өлеңдерін оқып  кеңінен насихаттады.Сонымен бірге, осы әдеби эстафетаға  №3 Хромтау орта мектебінің кітапханашысы Айгүл Талтанова, №7 «Еркетай» балабақшасының ересек топ тәрбиешілері Құрманбаева Г.А., Мурзагулова К.Т. өз үлестерін қосып, шағын әңгімелерден үзінділер оқып, талдап берсе, бүлдіршіндер өз түсініктері бойынша суреттер салды.  

0 комментариев