Кітапханада 15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай Қазбаевтар «Наз» отбасылық ансамблінің мүшелері Қазбаев Нұрлан Мырзабайұлы, Қазбаева Жанар Мұратқалиқызы және балалары Айару, Нұртөренің қатысуымен «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында сұхбат кеш ұйымдастырылды.Аталмыш шарада «Ұлағатты отбасы-ұрпаққа аманат» айдарымен кітап көрмесі безендіріліп, отбасындағы шаңырақ шуағының құпиясы неде, бала тәрбиесі, отбасы бақыты туралы сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Қазбаевтар «Наз» отбасылық ансамблі аудан тұрғындарына әсем әндерді орындаушы ретінде жақсы таныс. Сахна төрінде көрермендердің жүрегіне әдемі әндерді тебірене жеткізетін өнер иелері көптеген аудандық, облыстық марапаттарға ие. Шара соңында кітапхана директоры Баймұратова Бибігүл Ұзақбайқызы мерекемен құттықтап, қонақтарға алғысын білдірді, сондай –ақ, өнерлі, өнегелі отбасы қонақ иелерінен «қонақ кәде» сұралып ән шырқалды.
🔸Отбасының басты міндеті – бала тәрбиесі. «Еңбек етсе кімде-кім, алтын жеміс тереді» демекші еңбегіміздің жемісі көңілдегідей болсын. Отбасының жемісі — тәрбиелі ұл — қызы демекші,мақтан етер, дендері сау, саналы, иманды ұрпағымыз көбейсін!-деген ізгі тілектермен кеш өз мәресіне жетті.
Толығырақhttps://www.instagram.com/reel/DJo8auco6l5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==