Балалармен жұмыс

 Хромтау аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде тұрақты оқырман балалармен жұмыс жасалды. №3 орта мектептің 3 «ә» сыныбының оқушысы Мергенова Айым «Түркістан» және ақын Фариза Онғарсынованың «Ана» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Ертегіні сүйіп оқитын №3 орта мектептің 3 «ә» сыныбының оқушысы Сабитова Лаура «Үш аю» қиял ғажайып ертегісін мәнерлеп айтып берді. Балалардың кітапқа деген қызығушылығы күннен күнге артып келеді.    

0 комментариев

Ғабиден Мұстафин – кемеңгер жазушы

    Аудандық кітапхананың оқу залында 20 қазан күні ұлы классик жазушы, табиғаты өзгеше талант иесі, дархан даламыздың дүбірлі дүлдүлі Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл толуына байланысты дәстүрлі «Ғабиден Мұстафин – кемеңгер жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалды. Кітапханашы Т.С.Жиембаева оқырмандарды Ғ.Мұстафиннің шығармаларымен таныстырып, тума-таланттың, қас шебердің өнер өткелдеріне көз сала отырып, қазақ әдебиетіне қандай олжа салғанын айқындайтын туындыларымен оқушыларды таныстырды. Осы шараға қатысқан жоғары сынып оқушылары Ғабеңнің өткен өмір жолы, шығармалары жайлы айтылған деректерді тыңдай отырып, өздері де әңгімеге шебер қатысты.

0 комментариев

«Дәстүрлі емес кітап көрмелері» байқауы қорытындыланды

 Аудандық кітапханада кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын, тәжірбие алмасуын, кітапхана жұмысының жаңа бағыттарын меңгеру, кітап оқу мәдениетін көтеру мақсатында «Дәстүрлі емес кітап көрмелері» байқауы ІІ кезең бойынша қазан айының 12 және 17 күндері өткен болатын. Аталмыш шараға 15 ауылдық кітапхана қатысқан болатын. Шара барысында кітапханашылар өздерінің жаңа тәсілдерді қолдана отырып даярлаған дәстүрлі емес кітап көрмелерімен таныстырды. Қазан айының 24 күні ІІ кезең бойынша өткен байқау өз мәресіне жетіп, марапаттау рәсімі өтті. Әділқазылар алқасы: Хромтау аудандық тарихи өлкетану музейінің директоры Н.Ж. Аманғалиева, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің кітапханашысы М.К.Тымбаева және аудандық кітапханасының бөлім меңгерушілері Т.Т. Аккужеева, Н.С. Имандосова қатысушылардың ізденімпаздықтары мен еңбектерін ескере отырып, нәтижесінде Сарысай, Аққұдық, Қопа, Бөгетсай, Тассай, Қызылсу, Табантал ауылдық округ кітапханаларының дайындаған көрмелерін үздік деп танып, жеңімпаздар мен белсене қатысушыларды алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.    В районной библиотеке завершился конкурс нетрадиционных книжных выставок «Дәстүрлі емес кітап көрмелері», который проходил в два этапа, с 12 по 17 октября. Участие приняли 15 сельских библиотек. 24 октября…

0 комментариев